Өзбекстанда жас жұбайлар генетикалық тексеруден өтуге міндеттелді
Өзбекстанда жас жұбайлар туыстық қатынастарының жоқ екенін анықтау үшін молекулярлық-генетикалық тексеруден өтуге міндеттеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рodrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қол қойды.
Өзбекстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын адамдарға міндетті молекулярлық-генетикалық тестілеу енгізілген.
Елде туысқандардың бір-біріне үйленуіне байланысты, балалардың денсаулығына зиян келмеуі үшін осындай шара қолға алынған.
“Тестілеу ерлі-зайыптылардың қаражаты есебінен Республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығының зертханасында жүргізіледі. Сараптамалар Республикалық халықтың репродуктивті денсаулығы орталығына және оның аймақтық бөлімшелеріне тапсырылады”, – делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"