Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда әртістер жаппай мақта теруге жіберілді (фото)

Өзбекстанда жүзге жуық отандық эстрада және кино әртістері 21 қазан күні жаппай мақта теру науқанына жұмылдырылған.

Бұл туралы Сa-news.org хабарлайды.

Әншілер мақта теру үшін Ташкенттегі Бектемір ауданындағы егінжайға аттанған.

Мақта теруге қатысқандардың ішінде – халық әртістері Махмуд Намозов, Юлдуз Усманова, Гуломжон Якубов, еңбек сіңірген әртістер Әлішер Файз, Зиеда, Райхаон, эстрада әншілері Шахзода, Ұлықбек Халиков, Мадина Мумтоздар бар.

Әншілер мен әртістер еңбек етіп жүрген сәттерін әлеуметтік желіде де бөліскен.

Ал желі қолданушылары болса әртістерді бұлай пайдалануды сынап пікірлер қалдырған. Оларды ашуландырған жағдай – әншілердің аста-төк дастарханнан түстеніп, ал қарапайым адамдардың жұпыны дастарханнан ас ішуі болып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Мысыққа ұқсап туған мутант-бала жұртты шошытты (фото, видео)

Қан алдырудың қаупі: Хиджама қан шығарамын деп жан шығармай ма?

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Талқылау