Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отаны балапандарын қорғай алмады": Сот әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты шешім шығарды

Алматы горнизонының әскери соты Жамбыл облысына әскери борышын өтеу үшін барып, 4 күннен соң жұмбақ жағдайда көз жұмған ақтаулық Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты шешім шығарды. Сот 18 жастағы Айболат Аманжоловты кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алибек Калбай сот

Бұған дейін өткен сот отырыстарында Әлібек Қалбай өлімінен бір күн бұрын Айболат Аманжоловпен сөзге келіп, артынан төбелесіп, ауыр жарақат алғаны айтылған. Бірақ екі жақ та бұған келіспейтінін білдірген. Сот шешімі туралы Әлібек Қалбайдың жеңгесі мәлімдеді.

"Біз осы Айболаттың кінәсі жоқ деп шырылдадық. Отан қорғаймын деп кеткен балапандарды отаны қорғай алмады", – дейді Динара Тілесова.

Атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қылмыстық кодекстің 440-бабы (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылған.



18 жастағы Әлібек Қалбай 18 сәуірде әскери борышын өтеу үшін Ақтау қаласынан Жамбыл облысының Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімшесіне келіп, 22 сәуірде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Таңғы сапта тұрғанда денсаулығы нашарлап, кейін госпитальда көз жұмған.

Талқылау