AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отанымыз бен балаларымызды қорғау үшін": Украинада әйелдер қолдарына қару алып, ресейлік әскерге қарсы тұруда

Украинада басталған соғыс миллиондаған отбасыны екі жаққа бөліп жіберді. Әйелдер мен балалар өрттен қашып, елден бас сауғалап кетіп жатса, ерлері керісінше орыс басқыншыларынан өз қалаларын қорғау үшін елде қалуда. Алайда өлім қаупіне қарамастан, соғыс алаңына аттанып жатқан әйелдердің саны да күн өткен сайын артуда. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі BBC News сайтының орыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

украина коллаж

Украиналық Елена Зеленская күйеуі президент Владимир Зеленскиймен Киев қаласында бірге қалған. Ол бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында жазған.

Елена өз парақшасында әйелдердің осы соғысқа қосқан үлесін көрсететін жарқын фотосуреттермен бөлісіп отырады. Сондай-ақ Елена ғана емес, әлеуметтік желілерде әскери киім киіп, Украина үшін соғысуға дайын екенін көрсетіп қару асынған нәзік жандылардың суреттері толып жатыр.

Назарларыңызға майданның алғашқы шебінде жүрген бес әйелдің тарихын ұсынамыз.

Кира Рудик: "Қорқып тұрмын, бірақ ашу кернеп барады"

"Бұл соғыс басталғанға дейін қолыма қару алып көрген емеспін. Оған себеп болмаған", – дейді Украина радасының депутаты Кира Рудик. – Бірақ басып кіру басталып, қару алу мүмкіндігі пайда болған кезде мен қолыма қаруды қалай алғанымды білмей қалдым. Ол өте ауыр еді және металл мен майдың иісі мүңкіп тұрды".

Рудик Киевте қарсылық көрсетушілер отрядын жинаған. Олар Украина астанасын қорғауға дайындалуда.

Оның айтуынша, ол өзінің қайда екенін құпия ұстайды, өйткені украиндық барлау органдары оның Ресей билігінің "көзін жоюды тапсырған адамдардың тізімінде" екенін ескерткен.

Бірақ соған қарамастан, ол өз отрядымен бірге Киев аудандарының бірінің көшелерін күзетумен қатар Рададағы "Голос" фракциясын басқаруды да жалғастыруда.

Оның қолында автомат ұстаған суреті ғаламторда тез тарап кетті және шенеуніктің ойынша, бұл көптеген әйелдердің қару ұстауына түрткі болған.

"Маған әйелдерден өздерінің соғыс алаңында жүргені туралы айтатын көптеген хаттар келіп түсті. Біз бұл соғыстың салдары қандай болатынын жақсы білеміз, көзсіз батырлыққа бармаймыз, алайда біз өзіміздің абыройымызды, өмірімізді, балаларымыздың өмірін қорғауымыз керек. Мен қорқып тұрмын, бірақ ашу да кернеп барады және бұл – өз еліңді қорғау үшін туған жақсы мүмкіндік", –  дейді Рудик.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Украинаның 44 миллион халқының 23 миллионы әйелдер. Бұл ел қарулы күштерде қызмет ететін әйелдердің саны бойынша әлемдегі ең жоғары орында тұрады.

Украина қарулы күштерінің мәліметі бойынша, 2014 жылдан бері армия қатарындағы әйел персоналдың үлесі екі есеге артып, 15,6 пайызға жеткен.

Маргарита Риваченко: "Мен ешқайда қашпаймын"

Саясаткер әйелдер ғана емес, қарапайым қыздар да соғыс майданына өз еріктерімен баруда.

Ресейдің Украинаға басып кіруінен бірнеше күн бұрын Маргарита Риваченко 25 жасын Будапештте достарымен бірге атап өткен.

Ал қазір ол тіпті әуе шабуылы сиреналары мен снарядтар дауысы кезінде де қорғаныс аймағында ұйықтауға еті үйреніп кеткен.

"Соғыс басталған кезде менің отбасым Харьковте болды, ал мен жалғыз Киевте болдым. Мен бәрібір қаша алмайтын едім. Қаламды тастап кеткім келмеді. Бір пайдамды тигізсем деген оймен аумақтық қорғаныс бөліміне қосылуға бел байладым", – дейді Риваченко.

Маргарита алғашқы медициналық көмек көрсету курсын аяқтап, қазір медбике болып қызмет етеді.

"Өте қорқынышты. Мен өмірді жақсы көремін және өмір сүргім келеді, бірақ өмірім осы соғыстың нәтижесіне байланысты, сондықтан мен оны аяқтауға атсалысуым қажет", –  дейді Маргарита Риваченко.



Юстина Дусан: "Менің басты мақсатым – тірі қалу"

IT рекрутинг саласы бойынша маман Юстина Дусан өз еліне көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

"Мен қазір қатарда тұрмын және соғысқа түсуге дайынмын. Мені Львовқа эвакуациялады, өйткені Киевте қару-жарақсыз және көліксіз менің тигізер пайдам аз болды. Қазіргі уақытта мен майдан шебіне әскери және гуманитарлық жүктерді жеткізу бойынша волонтерлік жұмыс атқарып жүрмін", – дейді Дусан.

Соғысқа дейін Юстина жануарлар құқығын қорғаушы болған. Ол көптеген жануарлардың басқа қалаларға кетіп, кейбірі өліп жатқанын нағыз апат деп атайды.

"Бірақ дәл қазір менің мақсатым – тірі қалу және қарулы күштерімізге соңына дейін күресуге көмектесу. Біздің балаларымыз опат болып жатыр, олар (Ресей әскері) әрбір украинды өлтіргісі келеді және біз өзімізді өте жалғыз сезінеміз. Мен өзімді өлтіріп кеткенін қаламаймын", – дейді Дусан.

Алена Билецка: "Менің қызымның азат Украинада дүниеге келгенін қалаймын"

Бұрынғы заңгер Алена Билецктің Киевтегі үйі Украина әйелдер гвардиясының штаб-пәтеріне айналып кеткен.

Ол өзінің жүктілігіне қарамастан, қаланы қорғауға көмектесу үшін күйеуі және 11 және 16 жастағы екі қызымен Киевте қалуды жөн санаған.

"Біз бүкіл Украина бойынша әйелдерден құрылған қарсылық топтарын ұйымдастырамыз. Біз бөтеннің қол астында өмір сүргіміз келмейтіндіктен, үйімізде қалу және соғысуды отбасымызбен шештік", – дейді Билецк.

Алена мен оның күйеуі Александр бейбіт тұрғындарды соғысқа қатысуға дайындаудың физикалық және психологиялық қиын жұмыстарын ұйымдастырады.

Олар Молотов коктейльдерін жасауды, қаруды қалай ұстау керектігін үйретеді және ақпаратты өз сайттарында 33 тілде жариялайды.

"Алғашқы күндері қорқыныш пен үрей басым болды. Бірақ қазір қорқыныш жоқ, тек жауды жеңуге деген жігер ғана бар. Мен ешқашан қашпаймын және бұл туралы ойлаған да емеспін. Біз аман қаламыз ба, оны білмеймін, бірақ үшінші қызымды еркіндік пен азаттық орнаған Украинада дүниеге әкелгім келеді", –  дейді Алена Билецка.



Ярина Ариева: "Өзім үшін қорықпаймын"

Владимир Путин Украинаға басып кіруге бұйрық берген күні таңертең Ярина Ариева тек бір нәрсені ғана ойлады – ол үйленуге шешім қабылдады. 

Бұған дейін ол болашақ күйеуі Святослав Фурсин екеуі бөлек тұрып келген, бірақ соғыс кезінде олар бірге болуымыз керек деген шешімге келген.

Жас жұбайлар Киевті қорғауға бірге көмектесу үшін аумақтық қорғаныс күштеріне келіп қосылған.

"Мен өз елімді, қаламды қорғау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Бұл жерде менің ата-анам, менің мүлкім тіпті менің мысығым да бар. Мен жақсы көретін жандардың бәрі осында, сондықтан мен Киевтен кете алмаймын, қажет болса, мен ол үшін күресемін", – дейді Ариева.

Ариева Киев қалалық кеңесінің депутаты, оған қару мен оқ өтпейтін кеудеше берілген. Күйеуімен бірге ол аумақтық қорғаныс күштерінің базасына көшіп келген, алайда ның әлі де жауынгерлік қимылдарға қатысу үшін тәжірибесі жеткіліксіз.

Сол себепті ол күні бойы базада күнелтіп, майдан даласында жүрген жұбайы үшін дұға тілеп, хабар күтеді.

"Соғысқа дейін мен көп нәрседен қорқатынмын, иттен, қараңғылықтан. Бірақ қазір мен бір ғана нәрседен – күйеуімнен айырылып қаламын ба деп сескенемін, ал өзім үшін мүлде қорықпаймын", – дейді жасы небәрі 21-дегі Ярина Ариева.

Қауіпті шешім

Өкінішке орай, еріктілер, соның ішінде көптеген әйелдер майданда қаза тауып жатыр.

24 ақпанда Ресей танктері Украинаға кірген алғашқы күні Киевте бес баланың анасы, Украинадағы әскери қимылдардың ардагері, 52 жастағы Ирина Цвила қаза тапты.

Ол сол күні қайтыс болған күйеуі Дмитриймен бірге қаланы қорғауға ерікті ретінде шыққан.

Тағы бір жас волонтер Валерия Мацецка анасына дәрі алуға барған кезде көлігіне танк оқ атқан кезде қаза тапты, деп мәлімдеді әйел жұмыс істеген USAID қайырымдылық ұйымы.

Оның 32 жасқа толуына санаулы күндер қалған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр