Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы екі баласымен бірге елден қашып бара жатқан: Украинадағы бүтіндей бір отбасының өлімі әлемді дүрліктірді

Украина тұрғыны Татьяна Перебейнос 9 жастағы қызы Алиса мен 18 жастағы ұлы Никитамен бірге Ирпень қаласынан гумманитарлық эвакуациямен бара жатқан жолда оққа ұшып, көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.

Бұған дейін Ирпень қаласының әкімі Александр Маркушин эвакуация барысында әскерилер сегіз адамды өлтіргенін хабарлаған еді.

Отбасының өлімі туралы жергілікті кәсіпкер Микито Микадо әлеуметтік желіде хабарлаған.

“Татьяна Перебейнос Ирпен қаласынан эвакуация кезінде екі баласымен бірге миномет снарядынан қаза тапты. Татьяна IT-стартапта қаржы маманы болған. Мен осы стартапта инвестор едім. Өкінішке қарай, оның отбасы ауруға шалдыққан анасының жағдайына бола Ирпеньнен ертерек кете алмады”, –  деп жазды Микадо.

Ол оқырмандарын бейбіт адамдар өлімін болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін істеуге шақырды.

Микито Микадоның сөзінше, отбасы Донецкідегі сеператистерден қашып, төрт жыл бұрын Украинаның астанасына көшіп келеді. Олар Украинадағы үйлерін салып, балаларымен сонда тұруды жоспарлаған. Екі аптадан аса уақыт бұрын ғана ол әріптестерімен Грузияға сапарында түнге дейін әңгімелесіп, жақсы көңіл күйде шарап ішіп жүрген еді деп еске алды ол. 

“Татьяна Перебейнос сүйікті әріптесіміз болатын, ол көңілді адам еді, ашық мінезі мен әдептілігімен елді сүйсіндіретін”, – дейді марқұмның әріптестері.

Перебейностың әріптестері марқұмның отбасына көңіл айтып, оны “Жарқын, ақылды, алған бетінен қайтпайтын. Барлық командамыз үшін үлкен әпкеміз сияқты болатын деп сипаттады.

Жас отбасының мәйіттері түскен кадрлар бүкіл әлемді шошытты. Халық Владимир Путиннің “гуманитарлық дәліздері” құр бос сөз деген тұжырымға келген сыңайлы. 

Оқиға болған күні Татьяна мен екі баласы отбасылық достарының көмегімен қаладағы көпірден өтіп, Киевтегі қауіпті көшемен “гуманитарлық эвакуация” аясында өткен екен.

Жантүршігерлік кадрлар Ресей әскері халық көп тұратын аудандарға шабуыл жасағанын растағандай. 

Желіде таралған фотода Татьяна мен оның екі баласының жансыз денесі жерде жатқанын көруге болады. 

“Оған әрқашан салық, халықаралық төлемдер немесе кез келген нәрсе туралы мәнсіз сұрақтармен жүгінуге болатын еді", – деді әріптестерінің бірі.

"Ол әрдайым шыдамдылықпен жауап беретін, барлық шешімдердің нұсқаларын ұсынатын", – дейді тағы бір әріптесі.

Өкінішке қарай, Татяна өз жоспарлары мен арманын іске асыра алмады.

"Біздің жүрегіміз жаралы. Қайғымызды сипаттайтын сөз жоқ. Бірақ біз үшін Татьяна мен оның балалары Алиса мен Никита өлімі жай ғана статистикаға болып қалмауы маңызды. "Мұны еш түсіндіруге келмейді, айтып түсіндірерге келмейтін оқиға болды”, – деп жазды желі қолданушылары қаралы хабарға көңіл айтып. 

Талқылау