Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ота жасатуға тура келді". Жанар Дұғалова сахнадан не себепті алыстап кеткенін түсіндірді

Отандық әнші, актриса Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында сахнада, шоу-бизнес өкілдері бас қосатын іс-шараларда төбе көрсетпей кетуіне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/zhanar_dugalova

Бағдарлама жүргізушісі “Шығармашылығың қалай? Ән айтуды қойдың” деген сауалдан бастады. Өнер иесі бұл сұрақтың соңғы кезде жиі қойылатынын және мұның бірнеше себебі барын айтты.

“Ел алдына сирек шығуымының басты себебі: дауысыма зақым келтіріп алдым. 2017 жылдан бастап ауырдым. Алғашында дәрі-дәрмекпен емделуге тырысқаныммен, араға бір жыл салып ота жасатуға тура келді. Дауыс түйіндеріне зақым келген. Тіпті сөйлей алмай қалдым. Менің сахнада ән айтып жүргеніме 30 жылдан астам уақыт болды. Сондықтан болар дауысым әлсіреген. Вокалдық техникалардың дұрыс болмауы да әсер етуі мүмкін. Отадан кейін қалыпқа келуіме 6-7 ай уақыт кетті. Әнші үшін дауыстан айырылу – үлкен трагедия”, – деді Жанар.

Әнші бұл жағдайдан үлкен сабақ алғанын айтып, адамдарға өз талантын бағалауды үйреніп, оны күтіп және оған құрметпен қарау керегін ескертті.

“Сен бойыңдағы дарыныңнан кез келген сәтте айырылып қалуың мүмкін. Алла қалай берсе, дәл солай күтпеген жерден дарыныңнан айырады.Қазір жағдайым жақсы, қалып келуіме ұзақ уақыт кетті. Сөйтіп Мәскеу қаласындағы мықты маманның біріне ота жасаттым”, – дейді әнші.

Өнер иесі шығармашылықтан алыстауының тағы бір себебіне тоқталды. 

“Әлемдік пандемия болардан бір жыл бұрын мен халықаралық жобада басты рөлдерінің бірін сомдауым керек болды. Мен бұл жобаға үлкен үміт арттым. Фильмнің кастингі 10 айға созылды. Сол себепті шетелге жиі шығуыма тура келді. Сөйтіп мені Голивудтық фильмнің басты рөліне бекітті. Бала арманыма жетуіме аз қалғанда тағы сыналдым. Әлемдік пандемия басталып кетті. Кейін әкем сырқаттанып қалды. Мұның бәрін ауыр қабылдадым”, – деп ақтарыла баяндады Жанар.

 

Талқылау