Өскеменнің атауы өзгеріп кетті: Әкімдіктегілер түсіндірді
Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қаланың "атын өзгертуге" қатысты жанжалға пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өскемен" сөзіндегі С әріпі қалай жоғалып кеткен деген сұраққа департаменттің баспасөз хатшысы Владимир Землянский жауап берді.
"Қазір қалаға кіре берісте атауларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл фото барлық әріптер толығымен орнатылмай тұрып түсірілген. Қазір әріптердің барлығы дұрыс орнатылған", - деді Владимир Землянский.
Өкінішке орай, Владимир Землянский құрылымды орнатып жатқан мердігердің есімін есіне алмады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған латын әліпбиіндегі қала аты жазылған жақында орнатылған құрылымда бір әріп болмағаны хабарланған болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"