Өскеменде зауыттағы жарылыс: "Қазцинк" қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы төлейді

Өскемендегі зауытта болған жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына өтемақы төленіп, қосымша қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазцинк" компаниясының баспасөз қызметі мен арнайы тергеу комиссиясы зауыттағы жарылыстан екі жұмысшының қаза тапқанын растады. Кәсіпорын басшылығы қаза тапқан екі қызметкердің туыстарымен және жақындарымен көңіл айту үшін кездескен.
"Қазцинк" мәліметінше, компания өз міндеттемелеріне сәйкес жерлеу рәсімін ұйымдастыруды, отбасыларға заңмен белгіленген сақтандыру төлемдерінен басқа қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырады, сондай-ақ балаларын Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту ақысын төлейді.
Жедел штабтың мәліметінше, жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру үшін отбасыларға әрқайсысына 3 миллион теңгеден қаражат аударылған. Сонымен қатар компания ұжымдық шартқа сәйкес материалдық және моральдық зиянның өтемі ретінде он жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу туралы шешім қабылдаған.
ОқыңызСондай-ақ компания екі қызметкердің ауруханада жатқанын атап өтті. Оларға көмек көрсету үшін Астана қаласының мамандары тартылған.
“Оқиға орны қоршауда және мемлекеттік комиссия осы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізуде. Өскемен металлургия кешенінің мырыш және қорғасын зауыттарында өндірістік қуаттарды уақытша төмендетіп жұмыс жалғастырылуда. Экология департаментінің және Казцинктің жеке зертханасының мамандары ауа сапасына 24 сағаттық мониторинг жүргізуді жалғастыруда”, – делінген компания хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі "Қазцинк" компаниясына тиесілі зауытта жарылыс болып, екі адам қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді