Жанар Дұғалова "КешYou-дың" 20 жылдық концертінде өнер көрсететін болды

Танымал әнші Жанар Дұғалова “КешYou” тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерттің құрамына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Stories-інде Жанар Дұғалованы қарсы алған сәтін көрсетті.
“Мен сені күттім, Жанар. Әйтеуір келдің-ау. Сені бәріміз күттік”, – дейді ол видеода.
Видеода Жанар Дұғалова дайындыққа келгенін, концертте жұртты күтетінін айтты.
“29 мамырда бәріңізді күтеміз, керемет кештің куәсі болыңыздар. Қапы қалмаңыздар”, – деді ол.
ОқыңызАйта кетейік, бұған дейін КешYou тобы мерейтойлық концертінің алдына көпшіліктің назарын аударған еді. Атаулы датаға орай BM Production Youtube арнасында 2 бөлімді деректі фильм шығарды. Онда топтың құрылу тарихы, алғашқы қадамдар, ұжым ішіндегі интрига, бәсеке, қызғаныш, драма, эксклюзивті фактілер айтылған.
Ал әнші Мөлдір Әуелбекова болса концертке қатысудан бас тартты. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді. Бұған продюсер Баян Алагөзова ашуланып, олардың арақатынасы шиеленісе түсті.
Продюсер деректі фильмде әншінің беделін барынша қорғауға тырысып жүргенде, Мөлдір Әуелбекованың ешкіммен ақылдаспастан концертке қатысудан бас тартқанына ашуланды. Ол сондай-ақ көпшіліктің қызу талқысына түскен “КешYou” туралы фильмнің үшінші бөлімін шығаруға дайын екенін жазды.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді