Өскемендегі "Қазцинк" зауытындағы жарылыс: Екі адам қаза тапты

Өскемендегі "Казцинк" кәсіпорны зауытта болған төтенше жағдайдан екі адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала ақпарат бойынша, қайғылы оқиға түтін сорғыш құрылғыны тазалау кезінде болған.
Компанияның алғашқы деректеріне сәйкес, түтін сорғышты тазалау барысында жарылыс болған. Содан кейін өрт шығып, ғимараттың кейбір конструкциялары ішінара құлаған.
“Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Компания қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
ОқыңызОқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар жарылыстың қоршаған ортаға әсері тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тек жергілікті шаң таралуы тіркелген. Ол норма шегінен аспаған және қауіпті заттар анықталмаған.
Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде зауытта жарылыс болып, құтқарушылар зардап шеккендерді іздеп жатқанын хабарлаған едік.