Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді: Аймақта жедел штаб құрылды

Павлодар облысының Баянауыл ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 26 мамырда сағат 11:28-де тіркеді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым жерде, Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылы маңында орналасқан (2 балл, 47 км).
Оқыңыз
- Эпицентр координаттары: 50.47º солтүстік ендік, 76.47º шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 км.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.7.
- MSK-64 шкаласы бойынша есептелген сезілу деңгейі: Баянауыл ауданында (Баянауыл ауылы маңы) – 2 балл.
ТЖМ дерегіне сәйкес, іс-қимылдарды үйлестіру және жағдайды бақылау мақсатында Павлодар облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды.
“Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жедел желі телефоны ашылды: 8 (7182) 20-11-12. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ”, – делінген хабарламада.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті