Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2027 жылы Ораза айт пен Құрбан айт қай күндерге түсіп тұр

Айт
Фото: stock.adobe.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМДБ мәліметінше, келесі жылы Ораза айт мерекесі 9 наурызға сәйкес келеді. Ал Құрбан айт 16 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.

Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мереке. Бұл күні мұсылман қауымы айт намазына жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, ағайын-туыспен қауышады.

Ал Құрбан айт – ислам дініндегі ең ұлық мерекелердің бірі. Мереке күндері мұсылмандар құрбандық шалып, оның етін мұқтаж отбасыларға таратады. Құрбан айттың алдындағы Арапа күні 15 мамырға сәйкес келеді.

Діни күндер күнтізбесі
Фото: ҚМДБ

Діни басқарма өкілдерінің айтуынша, діни мерекелердің күндері халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген.

Дегенмен айдың тууына байланысты аталған күндер бір күнге өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін 2027 жылы Ораза қашан басталатыны белгілі болғаны хабарланған еді.

Stan.kz
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 12:20