Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмабек Жанықұл әйелін "Динара Сәтжан" деп хабарлағаны үшін көптің көзінше жүргізушіге ескерту жасады

Динара Жұмабек Жанықұл
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық киноның жабық көрсетіліміне шақырылған кәсіпкер Жұмабек Жанықұл жұбайын “Динара Сәтжан” деп хабарлаған жүргізушіге көптік көзінше ескерту жасап, құлағынан шертіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Киноның жабық  көрсетіліміне шақырылған қонақтардың қатарында кәсіпкер Жұмабек Жанықұл мен оның жұбайы тележүргізуші, журналист Динара Жанықұл болды. Оларды қарсы алған жүргізуші аты-жөнін атап, хабарлады. Жүргізушінің журналистті “Динара Сәтжан” деп хабарлағаны оның күйеуіне жақпай қалды. Кәсіпкер ерінбестен жүргізушінің өзіне шақырып алып, құлағана дұрысы “Динара Жанықұл” болатынын айтып, ескерту жасаған. 

Ескерту алған жүргізуші сол сәтте хабарландыруын “Динара Жанықұл” деп өзгертті. 

Ол жиналған жұртқа да “келесіде олай айтпаңыздар” деп әзілдеді. 

Алайда кәсіпкердің бұл әрекеті көпке жақпай қалды. 

“Ақшасы бар, бірақ мәдениеті төмен. Аузында сағызы бар, бірдеңеге көңілі толмай, жақтырмай тұрғандай”, “Тым дөрекі”, “Не деген эго”, “Ауылдан адам кеткенімен, адамнан ауыл кетпейді”, “Өзін сондай мәдениетсіз етіп көрсетті”, “Динара өз тегімен танымал адам”, “Жиіркенішті. Міне, саған "элита"... Оның үстіне "Халық кеңесінің" мүшесі”, – деп жарыса жазды желідегілер. 

Сондай-ақ желі қолданушылары ыңғайсызданып қалғандай көрінген Динараның өзін де байқап қалды. 

Айта кетейік, биыл қыркүйекте тележүргізуші 44 жасқа толды. Оның алғашқы некесінен Даниал есімді ұлы мен Диана есімді қызы бар. Жақында тұңғыш ұлы Даниал сүйіктісі Айнұрға үйленді.

Ал 2025 жылғы сәуірде Динара Сәтжан кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен ресми түрде некесін қиды. Жақында балалы болғысы келетінін айтып, ЭКО-ны қарастырып жүргенін мойындаған еді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 21 Қазан, 2026 08:07