Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында желідегі шудан кейін баланы ұрған тәрбиеші үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысы тәрбиеші қылмыстық іс
Фото: сюжет кадрларынан скрин

Ақмола облысының Сандықтау ауданында балабақша тәрбиешісі кішкентай балаға қорлық көрсеткені үшін жұмыстан шығарылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Іс тек ата-аналардың бірі әлеуметтік желі жазба жариялағаннан кейін қарала бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аудандық білім бөлімінің басшылығы бұл жағдайға тек оқиға желіде кеңінен тарағаннан кейін ғана назар аударған. Тексеру қорытындысы бойынша тәрбиеші жұмыстан шығарылып қана қоймай, балабақша меңгерушісі, штаттық психолог және тәрбиешінің көмекшісі қатаң сөгіс алған.

Кейін тіпті құқық қорғау органдары араласып, балаға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деді Ақмола облысы полиция департаменті бөлімінің аға инспекторы Асем Абдрахманова.

 Полиция істі заң аясында соңына дейін жеткізуге уәде берді. Шулы іске қазір полиция мен жауапты органдар ерекше бақылау жасап отыр. Ал білім басқармасы мұндай жағдай қайталанбас үшін ауданның барлық балабақшасында қосымша тексеріс жүргізетінін айтты.

Stan.kz
Сейсенбі, 26 Мамыр, 2026 11:54