Қазақстандық аттан құлап мүгедектік алған: Серуенді ұйымдастырғандар енді миллиондаған өтемақы төлейді
Ақтөбеде ер адам атпен серуендеу кезінде құлап, мүгедектік алған. Ол атпен серуендеуді ұйымдастыратын ЖШС-ны сотқа беріп, 12 миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам құлағаннан кейін ауруханаға жеткізілген. Ол бірнеше отадан кейін II топ мүгедектігін алған.
Бұдан соң зардап шеккен азамат ЖШС-дан материалдық шығын мен моральдық өтемақы өндіруді сұраған. Сотта қызмет көрсету барысында жауапкерлердің бірі қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етпегені анықталды.
"Сот материалдық шығын мен моральдық зиян жауапкердің кінәсінен келтірілген деген қорытындыға келді. Себебі ол атпен серуендеуді ұйымдастыруға жауапты болған", – делінген хабарламада.
Сот шешімімен жауапкерден 2,3 миллион теңге материалдық шығын және 10 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
