Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнестің қай түрі тиімді? Бір кәсіпкердің тарихы

 

Көрме

Астанада қазақстандық өндірушілердің көрмесі өтті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған шараға еліміз бойынша 600-ден аса кәсіпкер қатысты. Солардың бірі отбасылық кәсіппен айналысатын Ақылбек Сыдықов пен Венера Кірдібаева.

Ерлі-зайыпты Ақмола облысы Степногорск қаласына осыдан 15 жыл бұрын Қырғызстаннан көшіп келген. Айтуларынша, бірден кәсіппен айналысуды ұйғарыпты. Басында азық-түлік, киім-кешек сатып, базарда орын жалдаған. Алайда жергілікті нарықты зерттей келе өндірісті қолға алуды жөн санапты.

"Бастапқыда тауарды Қырғызстаннан тасып, алып-сатумен айналыстық. Байқап қарасам жергілікті нарықта жөсек-орын жабдықтарының өндірісі жоқтың қасы. Оны көрші елден тасығанша өзіміз өндірейік деп шештік", – дейді Ақылбек Сыдықов.

Венера Кірдібаева және Шалқар Жүсіпов

Фото: KMF Банк. Суретте Венера Кірдібаева және KMF Банк Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов

Қазіргі таңда тауарларын Степногорсктан бөлек, көрші қалаларға да өткізеді. Тіпті біртіндеп бизнестің өзге түрлерін де меңгере бастаған. Қазір қол астында онға жуық адам қызмет етеді, енді олардың қатарын бірнеше есеге арттыру - алдағы мақсат.

"Кәсіп болған соң айналымға, ауқымын кеңейтуге қашан да қаржы керек. Бірнеше банкке бардық. Жұбайым Венера KMF өкілдерімен танысып, шарттарын біліп, бірден ұнатты. Ол кезде бұл компания микроқаржы ұйымы болатын, қаламызда да енді ғана ашылған еді. Содан бері 15 жыл өтті, қазір KMF банк болды, ал біз әлі де клиентіміз, әлі де сол кездегідей бәрі ұнайды", – дейді кәсіпкер.
 

Көрме

Ақылбек Сыдықов пен Венера Кірдібаева "Ұлттық өнім" көрмесінде KMF Банк қызметкерімен

KMF Банктен алған қаражатқа ғимарат сатып алып, қазір тамақтану саласында іс бастап кеткен отбасының бизнес жоспары дайын. Үш баласын қанаттандырып, немере сүйіп отырған олар алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашып, бизнес шекарасын кеңейтуді көздеп отыр.

"Қаншама жыл бизнесте жүрмін, бір түсінгенім – өндіріске жететіні жоқ. Отандық өндірісті қолдап келе жатқан KMF Банкке мың алғыс", - дейді олар.

Айта кетейік, KMF Банк биыл да "Ұлттық өнім" көрмесінің демеушісі болды. Нарыққа 1997 жылы келген KMF-тің қазіргі таңда еліміз бойынша 123 бөлімшесі мен 17 филиалы бар, соның арқасында 4 мыңға жуық елдімекенді өз қызметімен қамтып отыр. Бөлімшелерінің басым бөлігі шалғай ауылды елдімекендерде орналасқан және клиенттерінің басымы кәсіппен айналысады. Агро, қызмет көрсету мен өндіріс саласында бизнес жүргізіп отырғандар баршылық және олар жылда "Ұлттық өнім" сынды ауқымды көрмелерге қатысып, бірқатар жетістікке жеткендер.

Банк операцияларын жүргізуге ҚНРДА 25.11.2025 жылы берген № 1.1.121 лицензия

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 26 Мамыр, 2026 11:27