Қазақстанда қанша ер адам тұрады: Ресми статистика жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылы ер балаларға берілген ең танымал есімдер, сондай-ақ өңірлердегі ер адамдар туралы қызық деректерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Отан қорғаушылар күні қарсаңында сарапшылар елдің әр өңіріндегі ер адамдар туралы қызық деректер мен статистикалық мәліметтерді жинақтап шыққан.
Қазақстандағы ер адамдардың жас ерекшелігі бойынша үлесі:
- 0-15 жас – 30,2%.
- 16-60 жас – 56,5%.
- 61 жас және одан жоғары – 13,3%.
Ер адамдар ең көп шоғырланған өңірлер:
- Алматы қаласы – 1,1 млн.
- Түркістан облысы – 1,1 млн.
- Алматы облысы – 806,5 мың.
- Астана қаласы – 785,4 мың.
Қазақстандағы ер адамдардың орташа жасы – 31,1 жас. Ал ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жас.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биыл алғашқы бес айда Қазақстанда ер балаларға ең көп қойылған есім – Алан болды, бұл есім 817 сәбиге берілген. Одан кейін тізімде Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері тұр.
Еске салсақ, бұған дейін 2025 жылы Қазақстанда балаларға ең көп қойылған есімдер тізімін жариялаған едік.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Оқыңыз