"Табысын жасырып, бізбен соттасып жүр": Тамара Асардың күйеуінің экс-әйелі мәлімдеме жасады

Танымал әнші Тамара Асардың жары Жұмаш Бекмырзаның экс-әйелі Эльвира Жүсіпбекова мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, бұрынғы күйеуін кәсіпкер Тұрсенғали Алагөзовпен салыстырды. Оның айтуынша, Жұмаш Бекмырза табысын жасырып, алимент төлеуден қашып жүр.
“Бір әке – бірінші некесінен туған балаларын қамтамасыз етіп, қызметкерлеріне пәтер сыйлап көмектесіп жүрсе, екінші әке – бұрынғы некесінен туған кәмелетке толмаған балаларының мектептегі оқу ақысын төлеуден бас тартып, барлық табысын жасырып, соттасып жүр”, – деп жазды ол.
Эльвира Жүсіпбекова бүгінде Қазақстанда элеваторларды элеваторлық жабдықтармен қамтамасыз ететін жалғыз зауыт Бекмырза Жұмаш онымен некеде кезде негізі қаланғанын алға тартты.
Ол арада 8 жыл өткен соң Бекмырза Жұма отбасынан Тамара Асарға кетіп, бүкіл бизнесті де өзімен бірге алып кетті деп мәлімдеді.
“Менің некемде жүріп ол осы бизнесті құрды, некесіз туған ұлына тегін берді, иманды болсын, ол баланы мен 11 жасынан 18 жасына дейін тәрбиеледім. Екінші некесінен туған үлкен қызын да қамтамасыз етті. Ал қазіргі некесінде ол аты-жөнін өзгертіп, біздің некеден туған балаларымен мүлде араласпайды, олардың медициналық, білім алу және басқа да қажеттіліктеріне ешқандай көмек көрсетпейді”, – деп жазды ол.
Эльвира Жүсіпбековның сөзіне, бұрынғы күйеуі ажырасуға өзі өтініш беріп, оны зауыттағы жалақысынан айырып, табыссыз қалдырған.
“Оның орнына алимент төлейді, бірақ ол қаражат балаларға лайықты білім беруге жетпейді. Әкесі осы зауытты салған некеде дүниеге келген балалар сол зауыттан түсетін табыстан алимент алуға толық құқылы”, – деп жазды ол.
Ал Бекмырза Жұмаштың қарындасы Әсел Жүсіпбекова бұрынғы жеңгесінің мәлімдемесін жоққа шығарды.
“Сен Жаратқанға өміріңде менің ағам Жұмаштай адамды кездестіргенің үшін шүкір айтуың керек. Ол – жауапкершілігі жоғары әке, мейірімді әрі ақылды жан. Ажырасқанда бірнеше пәтерді, қала орталығындағы коттеджді, сұлулық салонын және премиум көлікті саған қалдырды. Балаларға көмектесті және әлі де көмектесіп келеді”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін жліде өзін жазушы Қуандық Түменбайдың бұрынғы келінімін деп таныстырған келіншек халықтан көмек сұрағаны хабарланған еді.
Жазираның айтуынша, бұрынғы күйеуі оның атына қымбат смартфон рәсімдетіп, кейін несиені төлемей кеткен. Қазір әйелдің мойнында 1 млн 173 мың теңге қарыз бар. Ай сайын 80 мың теңге төлеуі керек.
Ол бұрынғы күйеуінен алимент те алмағанын, үш баласын жалғыз асырап отырғанын айтады. Жазира мәселені бейбіт шешу үшін балаларымен бірге бұрынғы ата-енесінің үйіне барғанын, алайда полиция шақырылып, үйден қуылғанын жазды.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Оқыңыз