"Тоқал алып, қыдырып жүр": Немерелерін үйден қуған қазақстандық жазушы жұрттың сынына ұшырады

Желіде өзін жазушы Қуандық Түменбайдың бұрынғы келінімін деп таныстырған келіншек халықтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазираның айтуынша, бұрынғы күйеуі оның атына қымбат смартфон рәсімдетіп, кейін несиені төлемей кеткен. Қазір әйелдің мойнында 1 млн 173 мың теңге қарыз бар. Ай сайын 80 мың теңге төлеуі керек.
Ол бұрынғы күйеуінен алимент те алмағанын, үш баласын жалғыз асырап отырғанын айтады. Жазира мәселені бейбіт шешу үшін балаларымен бірге бұрынғы ата-енесінің үйіне барғанын, алайда полиция шақырылып, үйден қуылғанын жазды.
“Бұрынғы күйеуім маған айфон алдырып, мобилограф боламын деді. Артынан түк болмағандай тоқал алып, қыдырып жүр. Қызбен SMM курс оқып жүріп танысыпты. Енді екі ай болды, не несиені төлемейді, не алимент төлемейді. Не үлкен адам сияқты байланысқа шықпайды. Үш балам не жеп, не ішіп жатыр деп ойлап отырған жоқ. Әкесі жазушы, анасының атында қаншама пәтерлері бар. Төлеймін десе бір күнде бәрін жауып тастауға жағдайлары жетеді. Толық жауып берсе мүлдем байланысқым келмейді. Қазір бірақ басқа амалым жоқ”, – деп жазды Жазира.
ОқыңызӘйелдің сөзінше, қазір өзі декрет демалысында. Қосымша табысы болғанымен, тапқаны балалардың тамағынан артылмайды. Ол бұрынғы күйеуінің жағдайы жоқ болса түсінуге болатынын, алайда оның басқа әйел алғаннан кейін балаларын ұмытып кеткеніне қынжылатынын айтты.
“Бөліп төлеймін деген еркек сөзінен тайып, бірде-бір рет байланысқа шықпады, қашып жүр. Балаларыммен үйіне бардым, әке-шешесімен жабылып қуып шықты. Видеоға түсіріп тұрған балаларым. Немерелерінен аяқ тартар деп бірінші рет алып барған едім, бірақ ол да көмек бермеді”, – дейді ол.

"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?