Алматыда бірінші курс студенті емтихан күні университет терезесінен құлап, қаза тапты
Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Abai University медиа орталығы растады.
Қайғылы оқиға 6 мамыр күні шамамен сағат 09:00-де болған. Студент сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапты.
Университет мәліметінше, марқұм мемлекеттік грант негізінде "Философия" білім беру бағдарламасының бірінші курсында оқыған.
“Университеттің психологиялық қолдау қызметінің мәліметінше, оқу жылы барысында студент психолог көмегіне жүгінбеген және мамандарға бармаған. Оның психологиялық жағдайына қатысты ешқандай шағым немесе алаңдатарлық белгі тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студент жақсы оқыған, тәртіптік ескертулері болмаған”, – делінген хабарламада.

Университет басшылығы марқұмның отбасымен кездесіп, көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, тексеру және тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Университет өкілдері, желіде тараған студеттің бұл қадамға сессиядан төмен баға алуына байланысты барғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқу орнының мәліметінше, студенттің үлгерімі жақсы болған.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.