Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде тойға келген қонақтар тексерістен терезеден секіріп қашқан

Өскеменде тойға жиналған қауым тексерушілерден терезеден секіріп қашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ресторан

Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәлім етті.

Рейд жүргізген мобильді топ "Көкжал" мейрамханасында той өтіп жатқанын анықтапты. Десек те тексеріске келген департамент пен әкімдік өкілдері тойханаға кіре алмаған. 

Мейрамханадан сыртқа 6 сағат бойы ешкім шықпапты. Алайда қонақтардың бірінің денсаулығы нашарлап кетіп, оқиға орнына жедел жәрдем келіп жеткенде ғана есік ашылған. Ал қонақтардың кейбіреуі тіпті терезеден секіруге дейін барған. 

"20 қыркүйек күні «Көкжал» мейрамханасында той жасағандар тіркелді. Бұл Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзу. Департамент барлық фото және бейнематериалдарды зерттеп, тиісті шараларды қабылдайды", - деді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.


Құда түсіп, қыз ұзатқан: Алматыда той жасағандарға 5 млн теңге айыппұл салынды

Талқылау