Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалған сарбаз үйін сағынғандықтан гарнизоннан кетіп қалған

Сарбаз іздеу
Фото: instagram.com/military_police_kz

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен өз бетінше кетіп қалған мерзімді әскери қызметкерді әскери полиция қызметкерлері ұстады. Сарбаз облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әскери полиция Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен қатардағы жауынгер облыс орталығынан 20 шақырым жерден табылып, ұсталғанын мәлімдеді. Мерзімді әскери қызметкер әскери полиция бөліміне жеткізілген. 

Қазір оның денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаны себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. 

Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен. 

“Тексеру барысында әскери қызметкер командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметкерлер жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланбағанын айтты”, – деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, Өскеменде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз кезекшілік кезінде белгісіз бағытқа кеткендіктен оған іздеу жарияланған еді. 

2004 жылы туған мерзімді әскери қызметші Мархан Айқын Ерланұлы 23 шілде күні сағат шамамен 06:30-да Өскемен қаласында орналасқан №27943 әскери бөлімнің қару-жарақ және оқ-дәрі қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған.

Ол қызмет орнын өз еркімен тастап, қойма аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026 12:12
Талқылау