"Сен бізге ұстаз болдың": Тұңғышынан айырылған актриса Жанаргүл Жаныаманова жазба жариялады

Танымал актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен тұңғыш ұлын тебірентерлік жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге түскен бірқатар суретін жариялап, жүрекжарды жазба қалдырған. Ол 12 жыл бойы мейірімді, ақылды, көрікті, талантты әрі дана перзенттің ата-анасы болу бақыты бұйырғанына Аллаға шүкіршілік етті.
“Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың. Көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің. Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандықтың үлгісін көрсеттің”, – деп жазды актриса.
ОқыңызСондай-ақ ол ұлының емделу барысына қатысты көкейінде жауапсыз қалған сұрақтардың әлі де бар екенін жасырмады. Алайда болған жағдайдың бәрі Жаратушының қалауымен екеніне сенетінін жеткізді.
“Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар. Бірақ “Құдайсыз қурай да сынбайды” демек, бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар”, – деді ол.
Жазбасының соңында Жанаргүл Жаныаманова баласының өмірі аяқталмағанын, тек мәңгілік өмірге өздерінен бұрын аттанғанын айтып, әсерлі ойымен бөлісті.
“Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз”, – деп жазды актриса.
Еске салайық, 1 маусымда көпшілікке “Келінжан” телесериалындағы “Қылышбек” рөлі арқылы танылған актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалар тұңғыш ұлынан айырылып қалғаныхабарланған еді. Өнер иелері тұңғыштарының денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы ашық айтқан еді. 2024 жылы "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатында актер алты жыл бойы ұлының дертімен күрескенін жеткізген.
Оның айтуынша, бұл сынақ отбасының бірлігін бекемдеп, ерлі-зайыптыны бұрынғыдан да жақындата түскен. Қиын сәтте олар бір-біріне тірек болып, баласының саулығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.
Ал Жанаргүл Жаныаманова бұл жағдай олардың өмірге, отбасыға және жақындарының қадіріне деген көзқарасын түбегейлі өзгерткенін айтқан.
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді