Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді махаббатым қанат болсын": Актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлына жазба арнады

Жанаргүл Жаныаманова ұлымен
Фото: Видеодан скриншот

Актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен ұлына арнап жүрек тебірентерлік жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, аналық сағынышы мен махаббатын жеткізіп, перзентіне деген сезімін әсерлі сөздермен білдірді.

“Енді менің махаббатым саған бұғау емес, қанат болсын”, – деп жазды актриса.

Еске салайық, 1 маусымда көпшілікке “Келінжан” телесериалындағы “Қылышбек” рөлі арқылы танылған актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалар тұңғыш ұлынан айырылып қалғаны хабарланған еді. Өнер иелері тұңғыштарының денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы ашық айтқан еді. 2024 жылы "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатында актер алты жыл бойы ұлының дертімен күрескенін жеткізген.

Оның айтуынша, бұл сынақ отбасының бірлігін бекемдеп, ерлі-зайыптыны бұрынғыдан да жақындата түскен. Қиын сәтте олар бір-біріне тірек болып, баласының саулығы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Ал Жанаргүл Жаныаманова бұл жағдай олардың өмірге, отбасыға және жақындарының қадіріне деген көзқарасын түбегейлі өзгерткенін айтқан.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 13 Шілде, 2026 11:20