Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары 29 шілде күні жер асты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің эпицентрі қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы аумақта жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" хабарлады.
Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары – 41.357° солтүстік ендік және 78.778° шығыс бойлығы.
ОқыңызЖер асты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазір зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Жағдай бақылауда.
Еске салайық, бұған дейін Перудің Хунин аймағында 5,1 және 3,7 магнитудалы екі жер сілкінісі тіркелген еді. Табиғи апат салдарынан кемінде 5 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды, жүздеген тұрғын баспанасыз қалған еді.
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді