Перуде екі жер сілкінісі болды: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Перудегі екі жер сілкінісінен кем дегенде 5 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенбі кешке Лимадан шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан Хунин аймағының Чупака провинциясында 5,1 және 3,7 магнитудалы жер сілкіністері тіркелді.
Перу геофизикалық институтының мәліметі бойынша, 5,1 магнитудалы жер сілкінісі сағат 21:24-те болды, оның эпицентрі Чонгос Баджо аймағында, 24 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ұлттық азаматтық қорғаныс институтының соңғы алдын ала есебіне сәйкес, жер сілкінісінен кем дегенде 5 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алып, шамамен 300 адам баспанасыз қалды.
Жер сілкіністерінің магнитудасы салыстырмалы түрде аз болғанына қарамастан, олар ғимараттар мен инфрақұрылымға үлкен зиян келтірді.
Билік зардап шеккен аймаққа әскер жіберді, іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
Еске сала кетейік, Венесуэладағы қос жер сілкінісі бес мыңнан астам адамның өмірін қиды. Венесуэлада 1 шілдеден бастап жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді