Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ қызы өз туыстарын тауып алды
Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын тауып, туған-туысымен қауышты. Анджелина Динара туыстарымен Бельгияда кездесті. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандар енді бір-бірінен ажырамайтынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазақстан” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бельгиялық Алекс пен Кони Динараны 2005 жылы 1 жасында асырап алған. Ол Астанадағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан еді.
Қазақы атын сақтай отырып, Анджелина деген есім де алған.
"Мен нәрестені бірден ұнаттым. Кеткен кезде фотосына қайта-қайта қарай бердім. Құжаттарын ресімдеуге 2 ай кетті. Бұл өміріміздегі ең бақытты кезеңдердің бірі", – деді асырап алған анасы Кони Фон Вуурен.
11 жасында Динара туған ата-анасын тауып беруді өтінген. Осылайша Қазақстанға үш рет келіп, биологиялық анасын көріп, елдің мәдениетімен танысты.

"Достарым "сенің өз ата-анаң кім?" дегенде күмілжіп қалатынмын. Енді еш қиналмастан, айтып бере аламын. Мен кім екенімді, шыққан тегімді, тағдырымның қалай өрбігенінен хабардармын", – деді Динара Сессель.
Динараның биологиялық анасы 3 жыл бұрын дүниеден озған. Десе де анасының туыстары хабарға шығып, көрісу үшін Бельгияға келіпті.
"2009 жылы бізді тауып алды. Содан бері араласамыз. Бұрын араласпай қалған кезімізді осылай өтеуге тырысып жүрміз", - деді Динараның нағашысы Гүлзада Оразаева.
Енді Динара ана тілін үйреніп жүр.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген