Ұлыбританиялық компания Қазақстанда мыс пен алтын өндіруге кіріспек

Ұлыбританиялық East Star Resources plc компаниясы Қазақстандағы Рулиха мыс пен алтын кен орнын игеруге кірісті. Осы мақсатта компания Астана халықаралық қаржы орталығында Rulikha Ltd. атты еншілес компаниясын тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген Rulikha Ltd. компаниясының құрылтайшысы – британдық East Star Resources plc компаниясының еншілес ұйымы Discovery Ventures Kazakhstan Ltd.
East Star Resources – акциялары EST тикерімен Лондон қор биржасында саудаланатын геологиялық барлау компаниясы. Компания Қазақстандағы мыс пен алтын кен орындарын барлау және игеру жобаларын дамытуға маманданған.
ОқыңызEast Star Resources-тің негізгі активі – Шығыс Қазақстандағы Верх-Уба кен орны. Бұдан бөлек, компания Рулиха мыс жобасын және Endeavour Mining компаниясымен бірлескен алтын жобаларын дамытып жатыр. Endeavour Mining East Star Resources компаниясына 1,8 миллион фунт стерлинг (1,13–1,14 миллиард теңге) инвестиция салып, оның шамамен 14,3% акциясына ие болған. Бұл кен орнының болжамды әлеуеті мыс эквиваленті бойынша орташа 2,4% құраммен 23 миллион тоннаға дейінгі қорды құрайды.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді