Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жарияланды: Бес партия мандаттарды қалай бөліседі

сайлау
Фото: ОСК

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрылтай сайлауына дауыс беру қорытындысы:

  • "Әділет" партиясы – 71,17%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 1,07%;
  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 3,11%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,21%;
  • Respublica партиясы – 5,56%;
  • Барлығына қарсы – 2,51%.
Құрылтай сайлау
Фото: ОСК

“Әділет” партиясы 145 депутаттық мандаттың 110-ына ие болмақ. Қалған партиялар арасында мандат төмендегідей бөлінбек:

  • "Ауыл" – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • "Ақ жол" – 8 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат.

Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 5 пайыз дауыс жинауы тиіс болды.

“Сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құрады. Сайлауға 9 351 539 адам, яғни тізімге енгізілген азаматтардың 74,8 пайызы қатысты. Бұл сайлауға биыл наурызда өткен Конституция бойынша референдумға қарағанда 224 мың адамға көп азамат қатысты”, – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Қазақстан халық партиясы (ҚХП) мен "Байтақ" партиясы депутаттық мандаттарға ие болу үшін қажетті 5 пайыздық межеден өте алмады. Сондықтан бұл партиялардың өкілдері Құрылтай құрамында болмайды.

Бұған дейін ҚХП мүшелері Ирина Смирнова мен Ислам Сұңқар дауыс беру қорытындысына қатысты пікір білдірген. Партияның бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев белсенді саясаттан кететінін мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026 12:16