Үкімет Қазақстанның 2027-2029 жылдардағы ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсіміне болжам жасады
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының базалық нұсқасында Қазақстанның ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5%-дан жоғары болады де болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан экономикасының көлемі алдағы жылдары ұлғаяды деп болжанып отыр.
“Номиналды ЖІӨ 2027 жылы 199,3 триллион теңгеден 2029 жылы 245 триллион теңгеге дейін өседі. Экономиканың өсуі мұнай емес секторлардағы өндірістің ұлғаюымен байланысты. Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібінен озып кететін болады. Өңдеудің өсуіне негізінен металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін өндіру салалары үлес қосады", – дейді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер жыл сайынғы көрсеткіші кемінде 5% болатын ауыл шаруашылығы саласы да өсу драйверіне айналатынын атап өтті. Құрылыс секторында көлік-логистика, энергетика, су, тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту есебінен 2027 жылы 16%-дан 2029 жылы 17,3%-ға дейін өсім қарқыны артады деген болжам бар.
Қызмет көрсету саласында сауданың орташа жылдық өсімі 5,7%-ға, көлік пен қоймаға жинау 10,4%-ға, ақпарат пен байланыс 9,2%-ға өспек
Сыртқы сауда балансы оң болып қала береді: тауарлар экспорты 2027 жылы 82,8 миллиардтан 2029 жылы 88,5 миллиард долларға дейін өседі, импорт 80,5 миллиардтан 88,4 миллиард долларға дейін артады.
Инфляция дәлізі 2027 жылы 7,5-9,5% деңгейінде болады деп айқындалды, кейіннен 2028-2029 жылдары 6-8%-ға дейін төмендейді.
Ұлттық қор қаржысын әлеуметтік нысандарға жұмсау тиімді ме: Экономист мұны талдап берді
