Республикалық бюджет шығындары 2027 жылы 30 триллион теңгеге дейін өспек
Республикалық бюджет тапшылығы 2027 жылғы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,3%-дан 2029 жылы 0,4%-ға дейін қысқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет 2027-2029 жылдары бюджеттегі жетіспейтін қаражат көлемін азайтып, мемлекеттік қаржының тұрақтылығын күшейтуді жоспарлап отыр.
"Мемлекеттік қаржының орнықтылығын қолдау үшін бюджет тапшылығы 2027 жылы ЖІӨ-ге қатысты 2,3% деңгейінде болады айқындалды, ал 2029 жылы 0,4%-ға дейін төмендейді. Мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қатысты 5,3%-дан 2,5%-ға дейін төмендейді. Осыны ескере отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2027 жылы 30,2 триллион теңгені, 2028 жылы 29,4 триллион теңгені және 2029 жылы 29,6 триллион теңгені құрайды", – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Экономика министрі.
Ұлттық экономика министрлігінің есептеулері бойынша республикалық бюджеттің кірістері 2027 жылы 19,9 триллион теңгеге жетеді, 2028 жылы 21,7 триллион теңге болады, ал 2029 жылы 23,4 триллион теңгеге дейін өседі.

2027 жылы Қазақстанның әлеуметтік саласы мен экономиканың нақты секторына 14,4 трлн теңгеден астам қаржы бағытталмақ. Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 10,5 триллион теңге немесе бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 34,9%-ы көзделген. Алушылар санының өзгеруін және халықты қолдауға жұмсалатын әлеуметтік төлемдерді индекстеуді ескере отырып, қосымша 739 миллиард теңге бөлінді
"Экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 3,8 трлн теңгені құрайды, бұл шығыстардың жалпы көлемінің 12,9%-ы, әрі осы жылдың деңгейінен 507 млрд теңгеге артық. Ұлғаю, ең алдымен, ел экономикасы үшін жүйелі маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастырумен байланысты. Жалпы жергілікті атқарушы органдардың даму бюджетін қоса алғанда, нақты секторды қолдауға жұмсалатын шығыстар шамамен 7 триллион теңге болады", – деп атап өтті Мәди Такиев.
Бұған дейін Экономика министрі 2029 жылға қарай Ұлттық қордың активі 70 миллиард доллардан асатынын айтқан еді.