Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2029 жылға қарай Ұлттық қордың активі 70 миллиард доллардан асады – Экономика министрі

Ұлттық қор валюта
Фото: istockphoto.com

Экономиканы дамытудың базалық сценарийіне сәйкес, Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі 2027 жылы 65,2 миллиард доллардан 2029 жылы 70,6 миллиард долларға дейін өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндама жасады.

"Базалық сценарий кезінде Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі 2027 жылы 5,1 триллион теңге, 2028 жылы 5,5 триллион теңге және 2029 жылы 5,7 триллион теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ұлттық қорға түсетін таза түсімдер 2027 жылы 0,5 триллион теңге, 2028 жылы 1,4 триллион теңге және 2029 жылы 2,0 триллион теңге мөлшерінде болады деген болжам бар", – деді өз баяндамасында Серік Жұманғарин.

Республикалық бюджетке аударылатын кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес айқындалды, ол 2027 және 2028 жылдары жыл сайын 2,4 триллион теңге болады, кейіннен 2029 жылы 2 триллион теңгеге дейін төмендейді.

Аса маңызды инфрақұрылымдық нысандар мен жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделген, оның көлемі 2027 жылы 2 триллион теңге және 2028 және 2029 жылдары жыл сайын 1,5 триллион теңге болмақ.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026 10:35