Ұлттық қордан бюджет қажеттілігі үшін тағы 1,1 триллион теңге алынбақ
Маусым айынан бастап ұлттық қордан аударымдар нақты бюджеттік қажеттіліктерге негізделіп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шілде мен қыркүйек аралығында Ұлттық қордан қосымша 1,1 триллион теңге алу жоспарланып жатқанын мәлімдеді.
Маусым айынан бастап қордан аударымдар жыл бойы бюджет кірістері мен шығыстарының біркелкі емес екенін ескере отырып, нақты бюджеттік қажеттіліктерге негізделіп келеді.
"Ұлттық қордан валюта нарығында жылдың бірінші жартысында шетел валютасын сату көлемі – 2,2 миллиард доллар. Айна қағидаты шеңберінде айналымнан алынған өтімділік көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті. Үшінші тоқсанда шамамен 1,1 триллион теңге қосымша алу жоспарланып отыр", – деді Сүлейменов үкімет отырысында.
Ұлттық қор қаржысын әлеуметтік нысандарға жұмсау тиімді ме: Экономист мұны талдап берді
Тоқаев қор қаражатын жай ғана сақтап отыруға қарсы екенін айтты
"Бұтыңды ашуды білесің, ал тууды білмейсің": Қазақстандық әйелдер босану кезінде акушерлерден қандай агрессия көргенін айтып берді
Әйелдердің 38%-ы босану кезінде айғайға, балағат сөзге, кемсіту мен мазаққа ұшыраған
