Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсірмек

Дариға Бадықова
Фото: Instagram.com/dariga_badykova

Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзі туралы фильм түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жоспарын Instagram-парақшасында бөлісті. Ол кейінгі уақытта көп нәрсеге көзқарасы өзгергенін жазды. Оның айтуынша, бұрын ашушаң болғанымен, қазір сабыр сақтауды үйренген.

“Бұрын көп ашуланатын едім. Қазір ақыл қонды. Ашушаңдық ақымақтық екенін жақсы түсіндім. Жалпы табиғатымда сабырлық бар, тек өмір сол ашуландырған кездері болды. Қазір ашушаң адамға неге өйтіп тұр деп қарап қалуды шығардым. Ал жұмысқа келгенде бұл философия уақытша тоқтайды”, – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өз өмірі жайлы деректі фильм түсіруге ниетті екенін мәлімдеп, жобаға атсалысқысы келетін мамандарға үндеу жасады.

“Жаңалық. Өзім жайында деректі фильм жасаймын. Менімен жұмыс жасағысы келетін документалистерді қарсы аламын. Шетелге шыққанның пайдасы – ойға идея келеді!” – деп жазды ол.

Дариға Бадықова Қытайда
Фото: Instagram.com/dariga_badykova

 

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 20 Шілде, 2026 16:20