Көкшетауда ер адам көлікті иесімен бірге ұрлап кетпек болған
Көкшетауда мас ер адам автокөлікті иесімен бірге ұрлап кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Петропавлдың 26 жастағы тұрғыны мас күйде түнде дәмханадан шыққан. Сөйтіп ол біреудің Changan CS75 Plus көлігіне отырып, көлікті айдап әкетпек болғанда машинаның иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан.
Күдікті шамамен 10 метр жүрген, содан кейін көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.
“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады”, – деп мәлімдеді полиция.

Тәртіп сақшылары азаматтарға қырағы болуды және кілттерді тұтану орнында немесе көлік құралының салонында қалдырмауды ескертеді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.