Өскемен қаласында 4 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Өскемен қаласында 4 жасар бала төртінші қабаттағы балконнан құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 шілде күні таңертең Крылов көшесінде болған.
"Баланың анасы үйде болды. Ойнап жүрген бала балконға шығып, төменге құлап кетті", – делінген ақпаратта.
4 жасар бала жағдайы орташа ауыр деңгейде ауруханаға жеткізілген.
"Ол бас-ми жарақаты диагнозымен жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Баланың білегі сынғандықтан ота жасауға тура келді. Ұйқысы, тәбеті бұзылмаған. Дәл қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Оралда үшінші қабаттың терезесінен бес жасар бала құлап кеткен еді. Бұл бүлдіршін де үлкендердің қарауынсыз қалған.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді