Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ақыл-есі дұрыс емес ер адам екі оқушы қызға шабуылдаған

Алматы облысында 17 жастағы екі бойжеткенге шабуыл жасаған ақыл-есі дұрыс емес ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
ер адам

Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы қоғамдық дәретханалардың бірінің жанында ер адам екі оқушы қызға шабуыл жасады. Қыздар шабулдаушы адамнан өз күштерімен құтылып үлгерген.

Көп ұзамай күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.

"Күдікті психикалық дамуы тежелген 31 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам мүгедек, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Екі факті бойынша ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 24-бабы және 120 (зорлауға оқталу) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы процессуалдық шешім арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылданады.

Талқылау