Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті
Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті.

Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.
ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың айтуынша, Өскемен – Алматы тас жолында Таскескен ауылынан 15 шақырымдай жерде жүк көлігі жолдың қарсы бетіне өтіп кеткен. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан қарсы беттегі жеңіл көлікпен қақтығысқан. Апат салдарынан 5 адам қаза болып, тағы екі адам жарақат алды. Марқұмдардың ішінде 5 жасар бала бар.
Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.
Оқи отырыңыз:
Алаяқтар интернет-банкинг арқылы адамдарды қалай алдап жүр?
Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"