Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алло, Сәке. Бәкені жұмысқа орналастыршы: Алаяқ министр мен президент көмекшісінің атынан қоңырау шалып келген

Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы президент аппаратының жетекшісі, әділет министрі мен әкім орынбасарының атын жамылып келген. Ол лауазымды тұлғалардың атын заңсыз пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алло, Сәке. Бәкені жұмысқа орналастыршы Алаяқ министр мен президент көмекшісінің атынан қоңырау шалып келген

Қылмыстық іс материалына сәйкес, ОҚО-ның 52 жастағы тұрғыны 2014 жылдың басында ақысын төлеген жандарды жұмысқа тұрғызумен айналысқан. Ол мемлекеттік және тағы да басқа құрылым басшыларына хабарласып, өзін басшы ретінде таныстырған. Сөйтіп, үшінші бір адамды жұмысқа қабылдауды өтінген.

2014 жылдың ақпан айында күдікті әйелді балабақша меңгерушісі қызметіне орналастыруға уәде берген. Оқиға Алматыдағы Медеу ауданына қарасты Алатау поселкесінде орын алған. Бұл қызметі үшін алаяқ 15 мың АҚШ доллар сұраған.

Сондай-ақ, сотталушы ОҚО ішкі істер департаментінің басшысына хабарласып, өзін президент әкімшілігінің жетекшісі ретінде таныстырған. Ол департамент басшысынан өз «клиентін» жұмысқа орналастыруды өтінген.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2015 жылдың 2 желтоқсанында Қарағанды медициналық колледжінің директорына хабарласып, өзін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ретінде таныстырған. Ол «Анатомия» сабағынан құлап қалған үшінші курс студентіне емтихан тапсыруға көмектесуді сұраған.

“2017 жылдың 23 қаңтарында сотталушы ОҚО ІІД кадр жұмысы басқармасының басшысына хабарласып, өзін әділет министрі Бекетаев ретінде таныстырған. Өздігінен лауазымды билік өкілінің қызметін жамылып, мемлекеттік билік органдарында белгіленген тәртіпті бұзған. Ол Ішкі істер органына орналаса алмаған кандидаттың ОҚО ІІД-сіне жұмысқа кіруін талап еткен», – делінген Қарағанды облыстық Қазыбек би аудандық соты шығарған үкімде.

Сондай-ақ, алаяқ азамат 2017 жылдың 10 ақпанында аймақтық «Оңтүстік» басқармасы, 2020 әскери бөлімінің кинологын «Достық» шекара бекетінен «Мамыр» шекара бекетіне ауыстыруға уәде берген.

Сот ісін қарау барысында сотталушының «ҚазМұнайГаз» АҚ президентінің, ҚР президент әкімшілігі бөлім меңгерушісінің, Қазақстан президенті істері жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті көмекшісінің атын жамылып келгені белгілі болды.

Сот ОҚО тұрғынына 6 жылға бас бостандығынан айыру және жеке мүлкін тәркілеу жазасын кесті. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істері жөніндегі сот коллегиясының шешімімен, мүлкін тәркілеу жазасы күшін жойды.

Оқи отырыңыз: 

Дүтбаев, Тоқмәди және Бишімбаев қандай түрмеге түсетіндерін өздері таңдайды

Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген

Алматыда жоғалған қыздың сауда орталығында қыдырып жүргені белгілі болды

Қызым сыныптан жылап шықты: Ақтаулық ата-ана қызының өліміне мұғалімді кінәлап отыр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр