Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген

Қарағандылық таксистер келісім шарт бойынша міндетті ақшаны төлегендерін, бірақ көліктерді өз меншігіне ала алмай жүргендерін айтады.

Қарағандыда көліктерді жалға алған бірнеше таксист алданып 10 жыл бойы ақша төлеп келген

Александр Бондаренко 12 жылдан бері таксиші болып жұмыс істеп келеді. Осы жыл ішінде көліктің өзіндік құнын төлеп бітірген. Күн сайын жеңіл көлік үшін 3 мың теңге, микроавтобус үшін 5 мың теңге төлеген. Бұл уақытта ешқандай демалыс алмаған, деп хабарлайды 31 арна. 

«Жалға алған ақшаны төлеу үшін екі-үш күн қатарынан рөлге отыруға тура келген кездер болды. Қостанайға барып, қайта келеміз. Сонда не үшін ақша төледім. Тым болмағанда бір көлігімді қайтарып алғым келеді», – дейді таксист.

Жүргізушілер ондаған адам санымен көлік мәселесін шеше алмайтындарын айтады.

«Олардан үш көлік алдым. Өз атыма аудара алмай жүрмін. Әне жазамыз, міне жазамыз деп жүр. Солай айтқандарына 8 жыл болды», – дейді такси жүргізушісі Сүлеймен Кубеев.

Ресми хатымызға бұрынғы «Арман», қазіргі «Автокар» ЖШС-нен жауап келді.

«Бұл көліктер біздің кәсіпорын  атынан несиеге алынған еді. Банктте кепілдікте тұр. Қазір банк алдындағы қарыздар өтеліп жатыр. Жоғарыда айтылғандардың бәрі автокөлік иелерінің иелігінде тұрған автокөліктерді тіркеудегі уақытша кедергілер ғана», – делінген жауапта.

Алайда заңгерлер жұмыс берушілердің әрекеті заңға қайшы әрі жүргізушілердің құқығын бұзу екенін алға тартты.

«Бұл адамдар көліктерді басқа адамдарға жалға бере алмайды. Өйткені үшінші жақ – банктің талаптары бар. ЖШС-нің өзі таксишілерді алдап келген», – дейді заңгер Иван Коровин.

Яғни, 12 жылдан бері ақша төлеп келген Александр Бондаренко 11 млн теңгені сыйға бергенмен тең деген сөз. Ендігі үміт сот шешімінде ғана.

Тағы оқыңыз: 

Нығматулин: Ақышев, нақты жауап бер дегенді түсінесіз бе, бізге лекция оқымаңыз

Ақышев теңгенің әлсіреуіне қатысты: асығыс шешім қабылдамаңыздар

Теңге бағамы құлдырап барады: Айырбас нүктелерінде доллар бағасы қанша?

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр