Ұлытау облысында балалар стадион орындықтарын теуіп сындырып кеткен

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында балалар стадионда бұзақылық жасап, көрермендерге арналған орындықтарды сындырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода балалардың стадиондағы орындықтарды жұлып, теуіп жатқанын көруге болады. Бұл әрекет көпшіліктің ашуын туғызды.
Атырау облыстық полиция департаменті “Жастар” стадионы аумағында болған вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
“Екі кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оларға ата-аналарымен бірге профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар олар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндетті болады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте 50 миллион теңгеге орнатылған смарт-дәретхананы вандалдар бүлдіріп кеткені туралы жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған
Оқыңыз