AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егемендікке төнген қауіп кезінде Өзбекстан мен Қырғызстан Қазақстанға көмектеседі: Келісімшарттың мәтіні жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёв қол қойған достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шарттың мәтіні жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

президенттер

Келісімге сәйкес, аталған үш ел тәуелсіздік, аумақ бүтіндігі мен егемендікке төнген қауіп кезінде бір-біріне көмек көрсетуі керек. Сонымен қатар бір-біріне қарсы күш қолданбауға, үш мемлекеттің біріне қарсы әскери ұйымдарға қосылмауға келісті. Сонымен қатар әскери және әскери-техникалық саладағы серіктестікті дамытуы керек. 

Бұдан бөлек Уағдаласушы Тараптар Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзара іс-қимылды жүзеге асырады.



Президенттер құжатқа қол қойған соң, келісімшартты өз елдерінде ратификациялауы керек. Қазір жоба талқылауға арналған сайтта жарияланған. 

Бұған дейін Түркіменстан мен Тәжікстанның мемлекет ішіндегі рәсімдерді аяқтаған соң, келісімшартқа қосылатыны туралы хабарланған.

Еске салайық, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 21 ғасырда Орталық Азияны дамыту үшін достық, татулық, көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр