Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді стратегиялық нысандарды сата бастады": Депутат Құлыбаевтың ресейліктермен жасаған келісімшартын тексеруді талап етті

Бүгін Тимур Құлыбаевқа тиесілі "Қамқор Локомотив" пен "ҚамқорВагон" компанияларының ресейлік кәсіпкерге тиесілі консорциумға сатылып жатқаны белгілі болды. Бұған қатысты пікір білдірген Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мәселені құзырлы органдар қарауы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ерлан

Ресейлік кәсіпкер және инвестор Алексей Лебедев кәсіпорынды дамытуға қатысты жоспарымен де бөліскен. 

"Тимур Кулибаевқа тиесілі деп аталатын "Қамқор Локоматив", "Қамқор Вагон" кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты. "Түйені түгімен жұтып", енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады. Бұл мәселе бойынша, мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін", – деп жазды Ерлан Сайыров өзінің Facebook парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қамқор Локомотив" пен "ҚамқорВагон" компанияларын ресейлік кәсіпкер және инвестор Алексей Лебедев басқаратын консорциум сатып алып жатқаны туралы хабарлаған едік. Аталған қос компания Қазақстандағы ірі вагон және локомотив жөндейтін кәсіпорын мен депоны біріктіреді. 

Талқылау