Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орталық Азиядағы бес елдің үшеуі достық пен тату көршілік туралы келісімге қол қойды

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 21 ғасырда Орталық Азияны дамыту үшін достық, татулық, көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Өзге елдер бұл келісімге кейіннен қосылатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі құжатқа үш мемлекет қол қойғанын атап өтті.

"Орталық Азия елдерінің басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сонымен қатар, Президент Садыр Жапаров, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Орталық Азияны дамыту үшін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов бұл құжатқа өз елдеріндегі ішкі рәсімдер аяқталған соң қол қояды", - деді РИА Новости баспасөз қызметінің өкілі.


Талқылау