Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орындаушысы о дүниелік болғанымен, авторлары тірі": Роза Әлқожа марқұм Ажар Түзелбекқызын есіне алды

Танымал әнші, ақын Роза Әлқожа дүниеден ерте кеткен әнші Ажар Түзелбекқызын есіне алып, жастық шақтың фотоларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Өнер иесі ел арасында әлі күнге дейін кеңінен таралған “Сағындым сені” әнінің шығу тарихына тоқталды. 

“Сағындым сені. Он төрт жасымда жазған әнім. Кейінірек марқұм Ажар Түзелбекқызы ұнатып алып, сөзін Исраил Сапарбай аға жазды. Қазір қазақ-қырғыз арасында кеңінен тараған бұл әнді орындаушылар көбі қуантады. Бірақ кішкене сый-құрмет болуы қажет. Авторын атап өтіп, не жазып қоюға болады. Сосын әнді орындамас бұрын автордан рұқсат алу қажет екенін ұмытпаңыздар! Авторлық құқық деген болады. Орындаушысы қайтыс болғанымен, авторлар бармыз!”, – деп ренішін жеткізді. 



Көп ұзамай қырғыз елінің эстрада жұлдыздары әншіден кешірім сұрап, жазба жариялады. 

“Жастықпен қылсақ, кешірім сұраймыз. Жас таланттарға қолдау білдіреді деп сенеміз. Болашақта сіздің рұқсатыңызбен талай әндеріңізді шырқаймыз деген үміттеміз”, – деді қырғыз елінің әншісі Сағын Ергешов. 

Еске салайық, өнер иесі "Қайраттай бала тәрбиелеп алсын!" деп әріптесі Гүлзира Айдарбековаға қолдау білдірген еді. 

Талқылау