Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Уақытша баспана дайын": Роза Әлқожа су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйді көрсетті

Танымал әнші Роза Әлқожа су тасқынынан зардап шеккен ағайынға уақытша баспананың дайын екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Өнер иесінің айтуынша, уақытша баспаналар Қостанай өңіріне жеткізіледі. 

“Ал, кішкентай болса да көңіл деп қабылдаңыздар! Өнер адамдарының атынан жасалған тұрғындарға арналған уақытша баспана-контейнерлер Қостанайға, Петропавлға жол тартты. Алла ақ жол берсін. Рақмет сіздерге, үлкен жүккөлік иелері! Өзге ұлт өкілі болса да, жеңілдікпен апара жатқандарыңызға алғыс!”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі батыс аймағына уақытша баспаналарды жеткізетін жүк көліктеріне хабарландыру айтты.  
“Ал, енді әлеумет! Атырауға осындай жеңілдікпен апаратын үш үлкен көлік қажет болып тұр. Көмектеріңіз қажет. Мұсылман баласы, Құлсарыға фурамен қайтатын жандар болса номерін берсеңіз, Алла разылығы үшін! Алдын ала рақмет!”, – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, өнер адамдары су тасқынынан зардап шеккендерге арнап салынған 10 жылжымалы үйді көрсеткен еді. 

 

Талқылау