Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабаттан құлап кеткен
Оралда бір отбасының екі баласы бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Қазіргі таңда олардың жағдайлары ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз күні болған.
“Жергілікті сағат 17:11-де ата-анасының қарауынсыз қалған 6 және 3 жастағы ағайынды екі ұл бала 5-қабат терезінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды. Балалар жабық бас-ми және іш жарақатын алып, милары шайқалған”, – делінген департамент хабарламасында.
Бүлдіршіндердің жағдайы ауыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар