Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде өртенген үйде қалып қойған қыз 9 қабаттан секіріп кетті

Семейде орын алған өрт кезінде жалын арасында қамалып қалған қыз тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.

Өрт бүгін түс уақытында қала орталығындағы 9 қабатта орналасқан пәтердің балконында болған. 

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз бала болған. Ол үйден өз бетімен шыға алмаған, себебі ата-анасы есікті сыртынан құлыптап кеткен.

Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін баспалдақпен көтеріле бергенде қыз өрттен шошып, тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен.

Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, оның жағдайы әзірге белгісіз. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Өрт сөндірушілер жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді.
Құтқарушылар өрттен басқа зардап шеккендердің жоқ екенін анықтады. 

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға өртке ұқыпсыз қарау салдарынан орын алған деген нұсқасын айтуды.    

Талқылау