Перзентханада келіншек өзге әйелдің сәбиін терезеден лақтырып жіберді
Ресейдің Стерлитамак қаласында әйел өзге келіншектің жаңа туған нәрестесін үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады. Оқиға 16 тамызда болған. Перинаталды орталықта екі әйел кесарь тілігімен бала босанған. Палата ауыстырылғаннан кейін әйелдердің бірі көршісінің баласын көтеріп, терезеден лақтырып жіберген.
Әйел бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндірмепті. Оның бұған дейін психоневрологиялық диспансерде емделгені анықталған. Қазір әйелдің өз баласы одан алшақтатылды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған