Оралда 9 жасар баланы автобус қағып кетті (видео)
Оралда белгісіз себеппен 9 жасар бала бағдаршамда қызыл жанғанына қарамастан жолға шығып, автобус қағып кеткен. Қазір ол ауруханаға жеткізілді деп, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 27 қаңтарда Молдағұлова көшесіндегі “Анвар” дүкеніне қарама-қарсы бағытта болған.
Бейнебақылауларда баланың көліктен шығып жолға қарай жүгіргені көрінген. 41 жастағы жүргізуші сол сәтте рөлді басқара алмай қалған. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жауапкершілігі мен оқиғаның мән-жайын анықтап, тергегеннен соң шешім шығарады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”